Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
 

«Бүкіл Қазақстандық орман отырғызу күніне»

Автор: admin 21-04-2014, 11:57 бастап, қарады: 420

Н.Баймұратов атындағы орта мектепте 19 сәуір күні өткізілген
«Бүкіл Қазақстандық орман отырғызу күніне»
арналған іс – шара және сенбілік туралы ақпарат


19 сәуір күні Н.Баймұратов атындағы орта мектепте «Бүкіл Қазақстандық орман отырғызу» және сенбілік күні өтті. Сенбілікте 5 сыныптан бастап 11 сыныпқа дейін барлық оқушылар мен мектеп ұжымдары және жұмысшылары жаппай қоғамдық жұмыс атқарды. Осы сенбілікте мектеп айналасына қарақаттар және теректің көшеттері отырғызылды. Көшет отырғызуға 15 оқушы қатысты және биология пәнінің мұғалімдерімен бірге жұмыс атқарылды. Сенбілікке 135 оқушы, 36 мұғалім, балабақша ұжымдарынан 7 адам, қызмет көрсету ұжымынан 20 адам қатысты. Сенбілік күні барлық мектеп айналасы, мектеп іші тазартылып, қоқыстар техникамен шығарылды.

Категориясы: Біздің мектеп » Жаналықтар

 

ОЖСБ

Автор: admin 15-03-2014, 08:14 бастап, қарады: 18987

374
Орта білім берудегі оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОБ ОЖСБ)

ОЖСБ

Білім беруді дамытудың 2011-2020 жж. арналған мемлекеттік бағдарламасына және «Білім туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтыруларға байланысты білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ары қарай - ОЖСБ) енгізілді.

Білім беру ұйымдарындағы ОЖСБ-ның мақсаттары:

1) білім алушылардың оқу жетістіктерін мониторингілеуді іске асыру;

2) оқу үрдісін ұйымдастырудың тиімділігін бағалау;

3) білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру қызметтерінің сапасына салыстырмалы талдау жасау.

Категориясы: ОЖСБ

 

ҰБТ

Автор: admin 15-03-2014, 07:59 бастап, қарады: 7844

390
Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ)

ҰБТ

ҰБТ жалпы орта білім беру ұйымдарының бітірушілерін қорытынды аттестаттау және жоғары оқу орнына түсу емтихандарын біріктіреді.

ҰБТ-ға міндетті түрде қатысушылар:

- жоғары оқу орындарына түсуге тілек білдірген мектеп бітірушілер;

- жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын, жалпы орта білім туралы үздік аттестатын алуға үміткерлер;

- үстіміздегі жылғы жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиадалар мен оқушылардың ғылыми жобалар жарысының жүлдегерлері.

Категориясы: ҰБТ

 

e-learning

Автор: admin 15-03-2014, 07:36 бастап, қарады: 679006

64761
e-learning

Е-learning жүйемен жұмыс жасау бірнеше негізгі компоненттерден тұрады:
мектепті басқару жүйесі (SMS);
сыныпты басқару жүйесі (CRMS);
оқу үрдісін басқару жүйесі (LMS);
тестілеуді басқару жүйесі (ТMS);
пәндер бойынша электрондық әдістемелік жүйелер (MMS);
электрондық психологиялық-мониторингтік жүйе (MPsMS);
ақпараттық-анықтамалық жүйе (IMS).

Категориясы: e-learning